Ұлыбритания королінен қатерлі ісік анықталды

530

Бұл туралы Букингем сарайының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ұлыбритания королінен қатерлі ісік анықталды Фото: REUTERS

Букингем сарайының баспасөз қызметі дәрігерлердің Ұлыбританияның қазіргі королі III Чарльзге қатерлі ісік диагнозын қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Монарх сырқатына байланысты қоғамдық міндеттерін уақытша кейінге қалдырды. Десе де, король ресми құжаттарды қарап, мемлекеттік істерді жүргізуді жалғастыра бермек.

"III Чарльз қуықасты безінің ұлғаюына байланысты ота жасау үшін ауруханаға жатқызылған еді. Ота сәтті өтіп, ол ауруханадан шықты. Кейін диагностикалық тестте оның қатерлі ісікке шалдыққаны анықтылды", – делінген хабарламада. 

Сарайдың баспасөз қызметі корольдің тұрақты түрде ем алуды бастап кеткенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу