Ұлыбритания Қытайдан келушілерден ПТР сынақтан өтуді талап етуі мүмкін

552

Ұлыбритания билігі Қытайдан келгендер үшін міндетті коронавирустық сынақтарды енгізу қаншалықты орынды болатынын талқыламақ. 

Ұлыбритания Қытайдан келушілерден ПТР сынақтан өтуді талап етуі мүмкін Фото: img6.eadaily.com

Бұл туралы29 желтоқсанда Inbusiness.kz The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Талқылауға Көлік министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ өкілдері қатысады.

Желтоқсан айының басында Қытай коронавирусқа қарсы шектеулерді жеңілдеткеннен кейін, елде Covid-19 таралуы күшейе түсті. Алайда, медициналық мамандардың тұжырымдарына сәйкес, бұл әлсіреген штамдар, олар аурудың жеңіл түрін ғана тудырады, өлімге жеткізуі екіталай. Осыған байланысты қытай билігі елге кірушілер үшін карантиндік шектеулерді айтарлықтай жеңілдетуді қарастыруда.

АҚШ пен Жапония билігі Қытайдан келгендердің барлығына міндетті коронавирустық тестілеуді енгізуде. Италияда да осындай талап күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу