Ұлыбритания мен Еуроодақ арасындағы мәселелер шешілмек

1029

Ұлыбритания мен Еуроодақ арасындағы мәселелер шешілмек

Бүгін Брюссельде Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына арналған алғашқы көпкүндік келіссөздер басталды, деп хабарлайды qazaqtimes.com.

Күннің алғашқы бөлігінде Еуропа комиссиясының басты келіссөз жүргізуші тұлғасы - Мишель Барнье мен Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу мәселесі жөніндегі министрі Дэвид Дэвис кездесіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Келіссөздер барысында Brexit жобасы жүзеге асқаннан  кейін, Еуропа мемлекеттері азаматтарының Ұлыбританияға келіп-кетуін кедендік реттеу, Еуроодақтың құрамында қалатын, бірақ Ұлыбританияның құрамына кіретін Ирландиямен шекара мәселесі, Еурокомиссияның қаржылық талаптары сөз болып, ортақ келісімдерге келу жоспарланған. 

Brexit мәселесі бойынша отырыстар осы аптаның бейсенбі күніне дейін жалғасады.

Кездесуден бұрын Мишель Барнье: "Біз екі жақты тиімді келісімге қол жеткізу керекпіз" десе, Дэвид Дэвис: "Ұлыбритания мен Еуроодақ арасындағы келіспеушіліктерді анықтап, оларды шешуге жұмыс істеу керек", - деп, атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу