Ұлыбритания мен Германия Ресейдің ядролық қаруын жоюды ойластырып жатыр

261

Ол үшін бірігіп зымыран жасамақ.

Ұлыбритания мен Германия Ресейдің ядролық қаруын жоюды ойластырып жатыр Фото: U.S. Navy / REUTERS

Ұлыбританияның Times газеті дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасай отырып, Ұлыбритания Ресейдің ядролық қаруын жою үшін 3,2 мың шақырым қашықтықта атып түсерітн зымырандарды жасауды қарастырып жатқанын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ұлыбритания Ресейдің ядролық қаруын жоя алатын ұзақ қашықтықтағы зымырандарды жасауды қарастыруда", – деп жазады басылым.

Басылымның мәліметінше, Ұлыбритания бұл зымырандарды Германиямен бірлесіп жасай алады. Британдық Қорғаныс министрлігінің басшысы сәрсенбідегі сапары кезінде Берлинде жобаны талқылады. Зымырандар ГФР аумағында да орналасады деп күтілуде, деп түсіндіреді Times.

Бұған дейін НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Британдық Telegraph газетіне НАТО елдері альянстың ядролық оқтұмсықтарын жауынгерлік дайындық жағдайына келтіруді талқылап жатқанын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу