Лондонда бір топ мұсылман жуырда Borough Market-те болған террористік актіден кейін жергілікті халықтың қорқынышын сейілту мақсатында көшеге шығып, өзге дін өкілдеріне ілтипат танытып гүл таратты, деп хабарлайды kazislam.kz.
"Соңғы уақытта болған лаңкестік акті барлығымызды үрейге салды. Осыдан кейін біз мұсылмандар болып терроризмге ешқандай қатысымыз жоқ екенін және де лаңкестіктікті өзге ұлт өкілдері секілді біз де қатты сынайтынымызды білдіріп гүл таратып жатырмыз",- деді ұйымдастырушы Закия Бассоу. "Мұсылмандар тарапынан жасалынып жатқан мұндай шара көңілге қуаныш ұялатады әрі мұсылмандарға деген өте жағымды әсер қалдырады", - деді жергілікті тұрғын Джун Коллинс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу