Ұлыбритания НАТО-ны кеңейтуге шақырды

1059

Альянс Грузия мен Молдоваға әскери көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Ұлыбритания НАТО-ны кеңейтуге шақырды

НАТО әлемдік мәселелерді шешетін жаһандық ұйымға айналуы керек. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Дипломат Солтүстік Атлантикалық одақты кеңейтуге және оған басқа аймақтардағы елдерді қосуға шақырды.

"Менің ойымша, НАТО-ның жаһандық көзқарасы болуы қажет. Ұйым жаһандық мәселелерді шешуге дайын болуы керек", – деді ол.

Трасс НАТО-ның ашық есік саясатын "қол сұғылмайтын" деңгейде деген баға берді.

"Біз Еуроатлантикалық және Үнді-Тынық мұхиты қауіпсіздігі арасында таңдау жасамауымыз керек. Қазіргі таңда оның екеуі де қажет", – деп басып айтты ол.

Бұған дейін НАТО Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарға байланысты Грузия мен Молдоваға әскери көмек көрсетуді жоспарлап отырғаны белгілі болды. Әзірге Кишиневке де, Тбилисиге де көмек көрсетілген жоқ. НАТО бұл мүмкіндікті қарастыруда.

Табиғат Нұрболат

Фото: expatica.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу