Ұлыританияның 8000-ға жуық әскериі Шығыс Еуропадағы жаттығуларға қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Осы жазда Финляндиядан Солтүстік Македонияға дейінгі аумақта НАТО-ның және Біріккен экспедициялық күштер альянсының мыңдаған әскериі қатысатын жаттығулар өтеді.
"Ұлыбритания Еуропаны қорғау үшін айтарлықтай үлес қосуда. Британиялық әскердің орналастырылуы мен оның кәсібилігі агрессияны тоқтатады", – дейді британиялық генерал-лейтенант Ральф Вуддис.
Әскер Финляндиядағы бронды бригадаға орналастырылады.
Ескере кететін жайт, Қазір Польшада британиялық және америкалық әскерилердің қатысуымен әскери жаттығулар өтуде.
Табиғат Нұрболат
Фото: theguardian.com