Консервативті партия өкілдері, Ұлыбритания парламентінің үш мүшесі, сондай-ақ кейбір жетекші кәсіпкерлер Лиз Трассты экономика саласындағы бірқатар даулы шешімдерден кейін Премьер-министрдің өкілеттігін тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды The Financial Times.
Трасстың қолдаушылары арасынан да түсініспеушілік тудырған шешімнің бірі - Қаржы министрі Джереми Ханттың тағайындалуы бар. Бір жыл ішінде Ұлыбританияда төрт Қаржы министрі ауыстырылды. Оның алдында Қаржы министрлігін басқарған Квази Квартенг тағайындалғаннан кейін 38 күннен кейін қызметінен кету туралы шешім қабылдады.
The Times сонымен бірге Ұлыбританияның консервативті партиясы комитетінің ("1922 жылғы Комитет") аға мүшелері Лиз Трасстың премьер-министр ретіндегі болашағын және оның отставкаға кетуін жасырын түрде талқылағанын жазады.
"Талқылау комитет төрағасы сэр Грэм Брэдидің Лиза Трассты орнын бостауды талап етуіне мүмкіндік беретін жағдайларға қатысты болған, дегенмен қазіргі ережелерге сәйкес, жаңа тағайындалған Премьер-министрдің билігі 11 ай бойы талқылауға түспеуі тиіс", - делінген мақалада.
Сонымен қатар, парламентші Джеффри Клифтон-Браун BBC-ге берген сұхбатында бұл ережелер консервативті депутаттардың қолдауымен өзгертілуі мүмкін дейді. Алайда мұндай жағдай "партияның 60%-дан 70%-на дейін өкілдері, яғни басым көпшілігі ережелердің өзгеруін қалайтыны анық болса ғана мүмкін", - деді ол.
INews басылымы атап өткендей, кейбір парламентшілер Трасс орнына көпшілік қолдайтын балама кандидат болған жағдайда ғана оны қызметінен босатуға болады деп санайды, сол арқылы тағы бір сайлау өткізудің алдын алуға болады. Лиза Трасстың орнын басатын кандидаттар да табыла кеткен сыңайлы. Басылымның хабарлауынша, лайықты кандидаттардың бірі - Қорғаныс министрі Бен Уоллес. INEWS хабарлағандай, оның парламентшілер арасындағы бірқатар жақтастары демалыс күндері әріптестерінен "Премьер-министр қолайсыз болған жағдайда оның айналасында жиналуға" қалай қарайтындарын сұрап жүрген көрінеді.
Сонымен қатар Л.Трасстың орнына қаржы министрлігін басқарған Риши Сунактың, Қауымдар палатасының жетекшісі Пенни Мордаунт және жаңа Қаржы министрі Джереми Ханттың кандидатуралары да қарастырылатыны атап өтілді.
Ал The Guardian Трасс дүйсенбі күні кешке Даунинг-стриттегі кабинетінің министрлерін жинап, содан кейін оны отставкаға кетуге шақырған консервативті депутаттармен әлсіреген қолдауды күшейтуге тырысады деп жазады.
Трассты көпшілік алдында отставкаға кетуге шақырған парламентшілер арасында бірінші болып Криспин Блант шықты.
"Менің ойымша, ойын аяқталды. Енді аталмыш жауапкершілік кімге жүктелетіні жайлы ойлану керек", - деді ол Channel 4 эфирінде.
Тағы бір парламентші Джейми Уоллис The Guardian басылымына:
"Соңғы апталарда мен Үкіметтің Ұлыбританияның экономикалық беделіне нұқсан келтіріп, партиямыздың ауызбіршілігі жойғанына куә болдым. Сондықтан оның билігін доғаратын уақыт келді. Мен премьер-министрден отставкаға кетуін сұрап хат жаздым, өйткені ол енді елдің сеніміне ие емес".
Оған Эндрю Бриджен қосылды, ол The Daily Telegraph басылымына:
"Біз бұдан әрі билеуші партияның айтқанымен жүре алмаймыз. Біздің еліміз, оның халқы мен партиямыз лайықты билікті қалайды", - деп мәлімдеді.
Өз кезегінде Мордаунт партиядағы әріптестерін Трассты қолдауға шақырды. Ол елге тұрақтылық қажет екенін атап өтті.
"Премьер-министр айтқандай, ұлттық миссия айқын. Бұл бәріміз қазір назар аударуымыз керек нәрсе. Мұнда прагматизм мен топтық жұмыс қажет. Біз премьер-Министрмен және оның жаңа Қаржы министрімен бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Бұл бәрімізге қажет", - деп жазды Мордаунт The Telegraph газетіндегі мақаласында.