Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер отставкаға кететінін айтты

435

Оның орнын кім басатыны әзірге белгісіз.  

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер отставкаға кететінін айтты Фото: tengrinews.kz

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер отставкаға кететінін мәлімдеді. Лейбористік партияның жетекшісі бұл мәселе туралы Ұлыбритания королі III Карлмен сөйлескен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Стармер Даунинг-стриттегі үкімет резиденциясы алдында сөйлеген сөзінде төмен рейтингке байланысты осындай шешім қабылдағанын жеткізді. Ол Лейбористік партияның жетекшілігінен кететінін, алайда жаңа адам келгенге дейін премьер-министр міндетін атқара беретінін атап өтті.

Reuters агенттігінің жазуынша, соңғы уақытта Стармердің үкімет басшысы ретіндегі жұмысына берілген қолдау деңгейі лейбористердің парламенттік сайлаудағы жеңісінен кейінгі екі жыл ішіндегі ең төмен деңгейге түскен. Мамыр айында жергілікті сайлауларда күтпеген нәтижелер тіркеліп, қазіргі премьер-министрдің саясатымен келіспеген бірнеше министр отставкаға кеткен. 

Оның партия ішіндегі қарсыласы, Үлкен Манчестер графтығының мэрі 56 жастағы Энди Бернем парламенттегі маңызды қосымша сайлауда жеңіске жетті. 19 маусымда жарияланған нәтиже оған Лейбористік партия көшбасшылығына және премьер-министр лауазымына таласуға мүмкіндік беріп отыр.

11 маусым күні елдің қорғаныс министрі Джон Хили отставкаға кететінін жариялады. Ол Кир Стармер мен Қаржы министрлігін қорғанысқа қажетті қаржыны бөлмеді деп сынға алды. Сарапшылар оны да партия басшылығына ықтимал үміткер ретінде қарастырады. Мамыр айының ортасында денсаулық сақтау министрі Уэс Стритинг те қызметімен қош айтысып, болашақта партия мен үкіметті басқаруға ниетті екенін білдірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу