Ұлыбритания Ресейдің ірі мұнай компанияларын санкция тізіміне енгізді

214

Санкция тізімі тағы 90 атаумен кеңейтілді.

Ұлыбритания Ресейдің ірі мұнай компанияларын санкция тізіміне енгізді Фото: © AP Photo / Matt Dunham

Бұл туралы Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне  сілтеме жасап.

Осылайша "Роснефть" пен "Лукойл" компаниялары Британияның санкциялық тізіміне еніп отыр. Себебі олар Ресей үкіметі үшін стратегиялық маңызы бар энергетика саласында жұмыс істейді. Олардың Ұлыбритания банктеріндегі шоттары анықталған жағдайда, бұғатталатын болады. Ал жеке тұлғаларға ел аумағына кіруге тыйым салынбақ.

Қара тізімге Ресейдің ұлттық төлем карталары жүйесі мен "Трансстройбанк", "Примсоцбанк", "ББР банк", "Солид банк" сияқты қаржы ұйымдары кірген. Сонымен қатар тізімде Қытайдағы бірқатар компаниялардың да аты аталады.

Лондон Мәскеумен байланысты 51 кемеге де санкция салған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу