Ұлыбритания Ресейге авиациялық технологияларын экспорттамайды

968

АҚШ билігі ресейлік уранның импортына тыйым салмайтын болды.

Ұлыбритания Ресейге авиациялық технологияларын экспорттамайды Фото: reuters.com

Ұлыбритания үкіметі Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге бағытталған авиациялық және ғарыштық өнімдер мен технологиялардың экспортына тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz корольдіктің сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар британиялық сақтандырушыларға экономиканың бұл секторларында ресейлік контрагенттерге қызмет көрсетуге рұқсат етілмейді. 

Ескере кететін жайт, АҚШ билігі ресейлік уранның импортына тыйым салмайтын болды. Елдің энергетикалық қауіпсіздігі Ресейге, Қазақстанға және Өзбекстанға тәуелді. Бұл елдер АҚШ атом электр станциялары тұтынатын уранның жартысына жуығын өндіреді. 

8 наурызда АҚШ Ресейден өңделмеген мұнай және кейбір мұнай өнімдерін, сұйытылған табиғи газ бен көмірді импорттауға тыйым салды. Артынан Ұлыбритания да осындай шешім қабылдады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу