Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялар тізімін кеңейтті

790

Шектеу енгізілгендердің Ұлыбританиядағы барлық активтері бұғатталады.

Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялар тізімін кеңейтті

Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялар тізімін кеңейтіп, оған тағы 26 жеке және заңды тұлғаны енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті үкіметтің сайтындағы мәлімдемеге сілтеме жасап.

Қара тізімге Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков, әскери сарапшы Игорь Коротченко, Ресей темір жолдарының басшысы Олег Белозеров, ФҚҚ басшысының бірінші орынбасары Сергей Королев, "Москва" крейсерінің командирі Антон Куприн, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы басшысының бірінші орынбасары Николай Богдановский, ТЖМ басшысының міндетін уақытша атқарушы Александр Чуприян, әуе күштерінің қолбасшысы генерал-полковник Андрей Сердюков енгізілді.

Н.Л. Духов атындағы бүкілресейлік автоматика ҒЗИ, Орталық машина жасау ғылыми-зерттеу институты, "Прогресс" зымыран-ғарыш орталығы, "Промтех-Дубна" АҚ, Арзамас машина жасау зауыты және "Калашников" концерніне санкциялар салынды.
Шектеу енгізілгендердің Ұлыбританиядағы барлық активтері бұғатталады.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу