Санкциялық тізімге Rosatom Energy Projects, REIN Engineering, Rusatom Overseas компаниялары, сондай-ақ "Росатом – Энергетические проекты" компаниясының бас директоры Андрей Рождествин мен Rusatom Overseas президенті Илья Вергизаев енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, аталған ұйымдар шетелде атом электр станцияларын салу бойынша келісімшарттар жасауға ұмтылған. Лондон мұндай жобалар Ресейге қосымша табыс әкеліп, мұнай кірісінің азаюын өтеуге мүмкіндік береді деп есептейді.
Сонымен қатар санкциялар Ресейдің бірқатар банктеріне, теңіз кемелеріне және шетелдік серіктестеріне, оның ішінде БАӘ, Қытай, Таиланд және Үндістан ұйымдарына да енгізілді.