Ұлыбританиялықтар Қызыл теңіздегі кеме қатынасының қиындығына байланысты шай тапшылығына тап болуы мүмкін. Себебі хуситтердің шабуылынан кеме иелері Африканы айналып өтіп, тауарды ұзақ жолмен тасымалдауға мәжбүр, деп жазады inbusiness.kz сайты ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Елдегі ең ірі супермаркет желілерінің бірі Sainsbury's қара шай жеткізілімінде үзілістер болуы мүмкін екенін ескертті.
Сонымен қатар, елдегі екінші ірі шай бренді Tetley Tea жеткізілім "біршама шектеулі" екенін, бірақ компания әдеттегі сұранысты қанағаттандыруды жалғастыра беретінінін мәлімдеді.
Дегенмен, Tetley Tea қазіргі уақытта өндіріс бұрыңғы деңгейінде қалса да, жеткізілімдегі үзілістер қоймалардағы шикізат қорының төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін айтты.