Ұлыбритания Словакияға өз әскерилерін жіберуі мүмкін

910

Бұған дейін The Daily Telegraph Ұлыбритания мен АҚШ елдері Румыния, Болгария мен Венгрияға 1 мың әскери жіберуді қарастыруда деп хабарлаған еді.

Ұлыбритания Словакияға өз әскерилерін жіберуі мүмкін

Ұлыбритания НАТО-ның Шығыс Еуропадағы күштерін нығайту үшін Словакияға өз әскерилерін жіберуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz Sky News-ке сілтеме жасап.

Ұйымның пікірінше, әскерді Шығыс Еуропаға орналастыру Украинаны Ресей Федерациясының "агрессиясынан" қорғаудың бірден-бір жолы болып отыр. Алайда бұған қатысты түпкілікті шешім қабылданбады.

Бұған дейін The Daily Telegraph Ұлыбритания мен АҚШ елдері Румыния, Болгария мен Венгрияға 1 мың әскери жіберуді қарастыруда деп хабарлаған еді. 

Жалпы Батыс елдерінің БАҚ өкілдері мен билігі Ресей Украинаға басып кіруге дайындалып жатқанын бірнеше рет хабарлады. АҚШ пен Германия билігі Ресей Украинамен арадағы шекарасына 100 мыңнан астам әскериін орналастырды дәп мәлімдеді. Вашингтонның айтуынша, шабуыл кез-келген уақытта басталуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу