Ұлыбритания соты Статиді Қазақстан үкіметіне 3,7 млн доллар төлеуге міндеттеді

945

"Қазақстан Үкіметі алдады" деп халықаралық арбитраж соттарға 2003 жылдан бері шағымданумен келген Анатолий Стати енді Қазақстанға өзі қарыздар болып қалмақ, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ұлыбритания соты Статиді Қазақстан үкіметіне 3,7 млн доллар төлеуге міндеттеді

Ұлыбританияның Жоғарғы соты молодвалық бизнесменге 3,7 млн долларға сот шығындарын өтеуме міндеттеме шығарды. 6-қаңтарда күшіне енген үкім бойынша қаржы 2 аптаның ішінде Ұлттық банкке берілуі тиіс. Бірақ іс мұнымен тоқтайды деуге болмас. Өйткені Статидің қарсылық танытып, бұйрықты қайта кері даулайтын түсінікті. Әділет министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда, Англия сотының мұндай шешім шығаруы былтыр көктемдегі процесте бизнесменнің ұтылуы басты себеп. Енді соған сәйкес халықаралық сот Статидің талап-арызына Ұлттық Банк жауапты емес деп тапқан. Еске салсақ, бұған дейін Анатолий Стати Қазақстаннан 4 млрд доллар өндіріп алу үшін Ұлттық қордың "Bank of New York Mellon" банкіндегі сақталған 22 млрд долларды да бұғаттатуға тырысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу