Ұлыбритания соты зорлық бойынша шағымданған әйелді 8,5 жылға түрмеге қамады

451

Медициналық сараптама анықтағандай, айыпталушыны басқа біреу емес, өзі ұрып соққан.  

Ұлыбритания соты зорлық бойынша шағымданған әйелді 8,5 жылға түрмеге қамады Фото: bbc.com

Британдық сот үш ер азаматты "зорлады" деп айыптап, жалған ақпарат таратқаны үшін 22 жастағы Элеонор Уильямсты 8,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады inbusiness.kz BBC арнасына сілтеме жасап.

Медициналық сараптама анықтағандай, айыпталушыны басқа біреу емес, өзі  жергілікті супермаркеттен сатып алынған балғамен ұрып соққан. Дәрігерлер мен құқық қорғау органдары әйелдің мұндай қадамға баруына не себеп болғанын әлі анықтац алмады.

Елдің солтүстік-батысындағы Камбрия округінің тұрғыны Уильямс сейсенбіде сот төрелігіне өтірік айтып, бірнеше зорлау туралы, сондай-ақ Азия елдерінің сутенерлер тобы оны көрші қалаларда және шетелде жыныстық құл ретінде пайдаланғаны жайында жалған ақпарат бергені үшін кінәлі деп танылды.

Уильямс жала жапқан ер адамдардың үшеуі де өмірінің күл-талқаны шығып, қоғамның қаһарына ұшырағандарын, тіпті, біреуі өз-өзіне қол жұмсауға дейін барғанын айтады.

Олардың бірі Джордан Тренингов пышақпен қорқытып зорлады деген айыппен 2,5 ай түрмеде отырды. Сотта оның үйінің қасбетінде "зорлаушы" деген жазудың қалай пайда болғаны айтылды.

Тағы біреуі, 43 жастағы кәсіпкер Мұхаммед Рамзан күдіктілер қатарына қосылған сәттен 500-ге жуық өлтіру, жазалау туралы қорқынышты хабарламалар алғанын, салдарынан қаладан кетуге мәжбүр болғанын айтады. Оны Уильямс әйелдерді қанаған банданың жетекшісі деп атады.

Сотта сөйлеген үшінші адам, Оливер Гарднер, бірде көшеде Уильямспен бетпе-бет келіп, одан темекі шегуді сұраған. Кейін оған зорлады деп айып тағылғаннан кейін, Гарднер қоғамның жазасына ұшырап, өз-өзіне қол жұмсағысы келгендіктен психиатриялық клиникадан бір-ақ шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу