Ұлыбритания су тасқынына байланысты Қазақстанға көмектесуге дайын екенін айтты

210

Бұл туралы Ұлыбританияның сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Гани Twitter-де жазды. 

Ұлыбритания су тасқынына байланысты Қазақстанға көмектесуге дайын екенін айтты Фото: gov.kz

Ұлыбританияның сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Гани су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанда жалғасып жатқан су тасқыны елдің солтүстігі мен батысындағы аймақтарды қиратты. Зардап шеккендердің барлығына, әсіресе эвакуациялауға мәжбүр болғандарға көңіл айтып, қолдау білдіреміз. Орталық Азия елдері климаттың өзгеруіне қарсы күресте алдыңғы қатарда. Ұлыбритания көмектесуге дайын", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу