Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясына Газа секторы бойынша келіссөздер жүргізуге келді

234

Джеймс Клеверли бейбіт тұрғындарға көмек көлемін арттыру үшін Газада гуманитарлық үзіліс жасауға ұмтылатындығын растады.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясына Газа секторы бойынша келіссөздер жүргізуге келді Фото: freepik.com

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Сауд Арабиясына Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне жол бермеу мақсатында Таяу Шығыстағы әріптестерімен келіссөздер жүргізу үшін келді. Бұл туралы inbusiness сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Клеверли кепілге алынған адамдарды босату үшін шетелдік азаматтардың Газа секторынан кетуін қамтамасыз ету жөніндегі дипломатиялық күш-жігерге баса назар аударды.

"Мен осы маңызды жұмысты Сауд Арабиясында жалғастырамын. Онда аймақтағы бірқатар әріптестеріммен кездесіп, осы мақсаттарға тезірек жету мүмкіндіктерін талқылаймын", - деді Джеймс Клеверли.

Сонымен қатар, Ұлыбритания сыртқы істер министрі Газа секторында бейбіт тұрғындарға, оның ішінде дәрі-дәрмек, жанармай мен сумен қамтамасыз етуді көбейту үшін гуманитарлық үзіліске қол жеткізуге деген ұмтылысын қолдайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу