Ұлыбритания үкіметі Еуропалық одақтан шығу туралы жобаны мақұлдады

997

Британдық үкімет басшысы мақұлданған құжаттың мәтінін бейсенбі күні таңертең парламентте баян етуге уәде етті.

Ұлыбритания үкіметі Еуропалық одақтан шығу туралы жобаны мақұлдады

Ұлыбритания үкіметі Еуропалық одақтан шығу шарттары туралы келісім жобасын мақұлдады. Бұл туралы сәрсенбі күні кешке ел премьер-министрі Тереза Мэй мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Министрлер кабинетінің ұжымдық келісімі келесідей: үкімет шығу туралы (Еуропалық одақтан - авт.) келісім жобасын қолдайтын болады", - деді Тереза Мэй кабинет мүшелерімен өткен бессағаттық кеңестен кейін журналистерге.

Оның айтуынша, британдық министрлер кабинеті аталмыш құжатқа қатысты қызу пікірталас өткізді.

Сондай-ақ ол "брексит" бойынша келісім жобасы лауазымды тұлғалар мен келіссөздерді жүргізушілердің жұмысының нәтижесі болғандығын атап өтті.

Британдық үкімет басшысы мақұлданған құжаттың мәтінін бейсенбі күні таңертең парламентте баян етуге уәде етті.

15 қараша күні таңертең, сонымен қатар Еуропалық кеңестің президенті Дональд Туск пен Еуропалық одақ тарапынан басты келіссөз жүргізуші Мишель Барнье мәлімдемелер жасайтыны күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу