Ұлыбритания Украинаға 1 млрд фунт стерлинг көлемінде әскери көмек жібереді

545

Осылайша, Лондон 24 ақпаннан бері 2,3 миллиард фунт стерлинг көлемінде қаржы аудармақ.

Ұлыбритания Украинаға 1 млрд фунт стерлинг көлемінде әскери көмек жібереді

Ұлыбритания Украинаға тағы 1 млрд фунт стерлинг көлемінде әскери көмек бөледі. Ел Премьер-Министрі Борис Джонсон осындай мәлімдеме жасады. Қаражат көлемінің арттырылғаны 30 маусымда Мадридте өтетін НАТО саммитінде жарияланады.

"Ұлыбритания Украинаға көрсетілетін әскери қолдауын екі есе арттырады. Ресейдің шабуылынан қорғанудан шабуылдау операцияларын күшейтуге көшу үшін қосымша 1 миллиард фунт стерлинг бөлінеді", – деп жазылған хабарламада.

Берілген қаражат әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне, дрондарға, электронды соғыс жабдықтарына және украиналық әскерге арналған басқа жабдықтарға қолданылады. Осылайша Ұлыбритания 24 ақпаннан бері 2,3 миллиард фунт стерлинг көлемінде қаржы аудармақ . 

Джонсонның кеңсесі қосымша жабдықтардың жеткізілуі Украинаның ресейлік құрлық күштеріне қарсы шабуылға шығып, егемендігін қалпына келтіруге септігін тигізеді деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу