Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ тиелген үш ұшақты жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz украиналық "Фокус" журналына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, екі ұшақ 17 қаңтарда, үшіншісі, яғни танкке қарсы қаруы бар үшінші ұшақ 18 қаңтарда келген.
Бұған дейін Корольдіктің Қорғаныс министрі Бен Уоллес Киевке қолдау көрсетіп, жаңа қару-жарақ жіберуге уәде еткен еді. Ол сондай-ақ Ұлыбритания Украинаның қорғаныс қабілетін арттыру үшін жаңа қауіпсіздік пакетін ұсынатынын айтты.
Канада өзінің арнайы күштерін НАТО мен Ресей арасындағы шиеленістің өршуі мен Украина шекарасында жағдайға байланысты Украинаға жіберді. Бұл туралы Global News хабарлады. Канадалық әскери күштердің бұл елге орналастырылуы "Ресейдің агрессиясын" тежемек.
Сонымен қатар олар соғыс басталған жағдайда канадалық дипломаттарды эвакуациялауға көмектесуге тиіс.
Табиғат Нұрболат