Ұлыбритания Украинаға қосымша M270 қаруын жібереді

547

M270 MLRS – бұл реактивті жүйе және тактикалық зымырандарды ұшыруға арналған қондырғы ретінде қолданылатын әмбебап қару.

Ұлыбритания Украинаға қосымша M270 қаруын жібереді

Ұлыбритания Украинаға жіберілетін M270 реактивті жүйелерінің санын екі есе арттыру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы британиялық Қорғаныс министрлігінің басшысы Бен Уоллес мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол Украинаның бұл қаруды қалай қолданып жатқанына көңілі толатынын және украиналық әскерилердің M270 реактивті жүйелерін тез меңгеріп алғанын айтты.

"Ұлыбритания мен халықаралық қауымдастық бұл соғысқа қарсы және Путиннің шабуылынан қорғану үшін Украинаны қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуін жалғастырады", – деді министр.

M270 MLRS – реактивті жүйе және тактикалық зымырандарды ұшыруға арналған қондырғы ретінде қолданылатын әмбебап қару. Оның алғашқы партиясы Украинаға 14 шілдеде жеткізілген болатын.

Бұған дейін әскери сарапшы Сергей Грабский Ресей Федерациясын жеңу үшін Украинаға HIMARS немесе M270 MLRS сияқты қарудың 300 данасы керек деп айтқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу