Ұлыбритания Украинаны қолдау үшін 1 млрд фунт бөледі

159

Бұл қаражат инфрақұрылым, денсаулық сақтау және таза энергетика салаларындағы жобаларға жұмсалады.

Ұлыбритания Украинаны қолдау үшін 1 млрд фунт бөледі

Ұлыбритания Украинаны қолдау үшін қосымша 1 миллиард фунт стерлинг бөледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz Украина Президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Бұл қаражат – жаңа инвестициялар, сауда, қауіпсіздік. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен жүргізген келіссөздерімнің арқасында британиялық қаржылай көмектің жалпы көлемі 3,5 миллиард фунтқа дейін артады", – деп жазды Зеленский Twitter-дегі парақшасында.

Елдің Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба бөлінген қаражат инфрақұрылым, денсаулық сақтау және таза энергетика салаларындағы жобаларға жұмсалатынын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы 2022 қаржы жылына арналған қорғаныс бюджетінің жобасын мақұлдаған еді. Ол құжат бойынша, Украинаға әскери көмек ретінде 300 миллион доллар бөлінеді. Ресейді әскери тұрғыда тежеу үшін 4 миллиард доллар бөлу жоспарланған.

Табиғат Нұрболат

Фото: ukrinform.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу