Ұлыбритания Үнді мұхитындағы Чагос аралын өзіне қайтарды

215

Чагос – аймақтағы негізгі америкалық әскери база Диего Гарсия орналасқан стратегиялық маңызы бар арал. 

Ұлыбритания Үнді мұхитындағы Чагос аралын өзіне қайтарды Фото: Фокус

Он жылға созылған келіссөздерден кейін Ұлыбритания Үнді Мұхитындағы Чагос архипелагын Маврикий иелігіне қайтарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

The Times дереккөздерге сілтеме жасай отырып, базада Ирак пен Ауғанстан соғысы кезінде белсенді қолданылған алыс қашықтықтағы бомбалаушы авиация орналасқанын мәлімдеді. 

Он жылдан астам уақытқа созылған келіссөздерден кейін аралдар африкалық меслекет Маврикий иелігіне берілді. Осы шешімі үшін Ұлыбританияның Премьер-министрі Кир Стармер Маврикийді Қытайдың одақтасы деп санайтын консерваторлар тарапынан біраз сынға ұшырады.

Алайда АҚШ пен Ұлыбританияның аймақтағы әскери күші анау айтқандай өзгермейді. Ағылшындар Диего-Гарсия аралына тікелей иелік етуден бас тартқанымен, оны 99 жылға жалға алды.

Дегенмен күдік ұялататын тұстары да бар. Егер Маврикий үкіметі қандай да бір себептермен қатаң антиамерикалық ұстанымға беріліп, британдықтарға қарсы саяси бағыт алса, онда жалға алу туралы келісімдер күшін жоюы мүмкін.

Арал Үнді мұхитының орталығында және Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияның қиылысында орналасып, маңызды теңіз жолдарын басқаруға мүмкіндік беретіндіктен, базаның стратегиялық маңызы зор.

Өткен ғасырдың ортасында ағылшындар мен америкалықтар осы базаның құрылысына орын босату үшін Чагос халқының мыңдаған тұрғындарын қоныстандырды. Енді олар қайта өз жерлеріне қайтарылады.

Жалпы Маврикий мен Ұлыбритания арасындағы архипелагқа иелік етуге қатысты дау-дамай  60-шы жылдардан бері жалғасып келеді. Маврикий Лондонды аралдарды отаршылдықпен басып алды деп айыптады, ал Ұлыбритания оларды үш миллион фунтқа сатып алғанын мәлімдеді.

2019 жылдың ақпанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық соты Ұлыбританияға Чагос архипелагын бақылауды Маврикий мемлекетіне тапсыруға және 1965 жылы аралдардың британдық иеліктерге қосылуын заңсыз деп тауып, "тұрғындардың өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асыруды ескере отырып, аумақты отарсыздандыруды аяқтауға" міндеттеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу