Ұлыбритания валютасындағы Патшайым Елизавета II-нің бейнесінің орнына елдің қазіргі билеушісі Карл ІІІ-нің портреті бейнеленеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.
Англия Банкі жаңа банкноттардың маусым айында айналымға түсетінін хабарлады.
Монархтың портреті 5, 10, 20 және 50 фунт стерлингтерде пайда болады.
Карл ІІІ бейнеленген монеталар бірнеше ай бұрын соғыла бастаған. Ал қағаз ақшаны банк машиналары, әртүрлі автоматтар мен құрылғылар оңай тану үшін көбірек уақыт қажет.
Жаңа купюралардың алғашқы партиялары аукционда сатылады. Жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу