Ұлыбритания виза ережелерін қатаңдата түсті

466

Енді шетелдік студенттер өз отбасыларын әкеле алмайды. 

Ұлыбритания виза ережелерін қатаңдата түсті Фото: Первый Центр Визовой Поддержки

Үш жыл ішінде Ұлыбритания визасын алған аспиранттар туыстарының саны тоғыз есе өскен, салдарынан тұрғын үй қолжетімді болмай отыр.

Ұлыбритания иммигранттардың күрт көбеюіне байланысты жаңа визалық ережелерді енгізуде. Енді шетелдік аспиранттар өз отбасыларын елге әкеле алмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC арнасына сілтеме жасап.

Ресми есеп бойынша, 2022 жылы шетелдік аспиранттардың туыстарына 136 мыңға жуық виза берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда тоғыз есе артық көрсеткіш. Ал осы жылдың басынан бастап елге заңды түрде 700 мың адам кірді.

Жаңа ережелерге сәйкес, оқуы зерттеу қызметімен байланысты емес аспиранттардың жұбайлары мен балалары Ұлыбританияда тұруға рұқсат беретін визаларды ала алмайды.

Ішкі істер министрі Суэлла Браверман жаңа шектеулер бір жағынан иммиграцияны төмендетеді, ал екінші жағынан аспиранттар Ұлыбритания өміріне әкелетін экономикалық артықшылықтарды қамтамасыз етеді деп қосты.

Мұндай түзетуді Ұлыбритания университеттерін біріктіретін және шетелдік аспиранттарды басқаратын UK Universities ұйымы да қолдады. Онда аспиранттардың туыстарына берілетін визалар санының едәуір өсуі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелеріне жүктемені арттырып, қолжетімді баспананың қысқаруына әкеліп соқтыратынын мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу