Пул қаласының айлағында (Дорсет округі) 200 баррель мұнай төгіліп, құбыр арқылы шикізат айдау тоқтатылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz BBC арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына ТЖ-ның арнайы мамандары шақырылды. Елді мекенде төтенше жағдай жарияланып, билік жергілікті тұрғындарға суда жүзуге тыйым салды.
Аталмыш қала Ла-Манш бұғазының ағылшын жағалауында орналасқан. Пул сол бұғаздың солтүстік бөлігін алып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу