Ұлыбритания жаңартылатын энергия көзіне біртіндеп ауысып жатыр

1540

Үшінші тоқсанда Ұлыбританиядағы энергияның 20%-ы жел электр станцияларынан, 12% биомассаларды өртеу арқылы, ал 6%-ы Күннен өндірілген. 

Ұлыбритания жаңартылатын энергия көзіне біртіндеп ауысып жатыр

2019 жылдың үшінші тоқсанында Тұманды Альбионда алғаш рет жаңартылатын энергия көздерінен қазып алынатын отынға қарағанда көбірек қуат алынды. Бұл туралы ел үкіметінің Carbon Brief-тегі баяндамасында жарияланды.

Құжатта жарияланғандай, шілде мен қыркүйек айлары аралығында жел, су және электр станцияларынан сағатына 29,5 ТВт, ал табиғи отыннан сағатына 29,1 ТВт алынған.

Үшінші тоқсанда Ұлыбританиядағы энергияның 20%-ы жел электр станцияларынан, 12% биомассаларды өртеу арқылы, ал 6%-ы Күннен өндірілген. 

Осыдан он жыл бұрын жағдай мүлдем басқаша болған еді. Gizmodo басылымының дерегінше, 2009 жылы Ұлыбританияда қазба отындарынан алынған қуат көлемі баламалы энергия көзінікіне қарағанда 12 есе көп болған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу