Ұлыбританияда аяздан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Оның ішінде 7 жасар қыз бар. Ол жүргізушінің көктайғақтан көлікті басқара алмай, үйді барып соғуынан көз жұмған.
Елде күннің суытуына Сібір циклонынан кейін Атлант мұхитынан "Эмма" дауылының соғуы себеп. Осыған байланысты Уэльс пен елдің оңтүстік-батысында қалың қар жауып, қауіп деңгейі қызыл түске көтерілді.
Жергілікті билік мыңға жуық мектепті уақытша жабуға шешім қабылдады. Ел астанасы Лондондағы әуежайлардан көп ұшақ сапары кешіктіріліп, кейінге шегерілген. Шотландияда Эдинбург пен Глазго қалаларының әуежайлары жабылды. Ал Ирландияда 24 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу