Ұлыбританияда "Офелия" дауылы ойран салып жатыр

807

Ұлыбританияда "Офелия" дауылы ойран салып жатыр

Британ аралдарында "Офелия" дауылы соқты. Ұлыбритания мен Ирландияда табиғи апат салдарынан кемінде 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды khabar.kz.

Ирландия жағалауында желдің күші сағатына 176 шақырымға жетті. Елде мыңдаған үй жарықсыз қалды. Билік қауіптің ең жоғары деңгейін жариялады.

Эдинбург, Манчестер, Белфаст және Дублин әуежайларында әуерейстері кейінге шегерілді. Ел астанасында көлік қозғалысы тоқтатылды. Ал Англия мен Уэльс тұрғындары ерекше құбылысқа куә болды. Мұндай аномалияны лондондықтар да бақылады. Метеорологтардың айтуынша, оған Сахара шаңы мен Пиреней түбегінен ұшқан күлден аспанды қызыл мұнар тұмшалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу