Ұлыбританияда 12 желтоқсанда парламент сайлауы өтеді

1224

Заң жобасына патшайым Елизавета II қол қойғаннан кейін, құжат күшіне енеді.

Ұлыбританияда 12 желтоқсанда парламент сайлауы өтеді

Ел парламенті премьер-министр Борис Джонсонның мерзімінен бұрын парламент сайлауын 12 желтоқсанда өткізу туралы ұсынысын мақұлдады. Бұл бастаманы парламент мүшелерінің 438-і қолдап дауыс берсе, 20-сы қарсы болған. 

Заң жобасына патшайым Елизавета II қол қойғаннан кейін, құжат күшіне енеді. Ал сайлау уақытында өту үшін, парламент 6 қарашаға дейін таратылуы тиіс. 

Джонсон мерзімінен бұрын сайлау өткізу арқылы парламенттің ЕО-мен Брексит бойынша келісімге келуін жеделтетпек. Басқарушы Консервативті партия қауымдар палатасында басымдығын жоғалтып алған. Онсыз партия одақпен келісім жасай алмайды. 

31 қазан күні Ұлыбританияны одақтан келісімге келмей-ақ та шығарамын деп мәлімдеме жасаған Борис Джонсон  сайлау өткізуді талап етіп келген еді. Ол саяси доданың  Брексит төңірегіндегі түйткілді түбегейлі шешуге көмектесетінін айтқан болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу