Ұлыбританияда 2 маусым күні 20000 теміржолшы ереуілге шығады

492

RMT кәсіподағы 13 мамырда өткен шеруден кейін үкімет тарапынан түскен өзгерістерге келіспегендерін, соған қарамастан жаңа ұсыныстар жасалмағанын хабарлады. 

Ұлыбританияда 2 маусым күні 20000 теміржолшы ереуілге шығады Фото: Network Rail

Сол себепті 2 маусым күні Ұлыбританияның 14 теміржол компаниясының 20 мыңға жуық қызметкері шеруге шығады, деп жазады inbusiness.kz.

Алдағы ереуіл туралы бейсенбіде британдық теміржол, теңіз және көлік кәсіподағы RMT хабарлады.

Жалпы теміржолшылар жұмыс орындары, жалақы мен еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді.

RMT ереуілге шығатындарын жариялаған жалғыз кәсіподақ емес. Бұған дейін Aslef кәсіподақ ұйымы 31 мамыр мен 3 маусымда британдық 15 теміржол компания машинистерінің ереуілі туралы жариялаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу