Ұлыбританияда әлеуметтік желілердегі Украина мен Газа туралы жазбалар өшіріледі

389

Бұл X пен Reddit платформаларына қатысты.

Ұлыбританияда әлеуметтік желілердегі Украина мен Газа туралы жазбалар өшіріледі Фото: газета.ру

Жақында Ұлыбританияда "Онлайн қауіпсіздік туралы" жаңа заң күшіне енді.  Оған сәйкес, кейбір әлеуметтік желі компаниялары Украина мен Газа секторындағы соғыстарға қатысты жазбаларды шектеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

BBC жазуынша, әлеуметтік желі компаниялары жаңа заңдағы талаптарды сақтау мақсатында кең ауқымды контентке бақылау жүргізуде. 

Online Safety Act деп аталатын құжат өткен жұмада күшіне енді. Бұл жаңа заң 18 жасқа толмағандарды порнографиядан, өз-өзіне зиян келтіруге үгіттейтін жазбалардан және өзге де зиянды контенттен қорғамағаны үшін әлеуметтік желілер мен басқа да веб-сайттарға айыппұл салатын болады. Талаптар мүлдем сақталмаса, тиісті платформаларға ел аумағында тыйым салынуы да мүмкін. 

Шектеуге ұшыраған контенттердің біріне Х желісінде жарияланған бейнежазба жатады. Онда Газадағы ер адамның қиранды астынан отбасының денесін іздеп жатқаны көрсетілген. Украинада атып түсірілген Shahed дронының видеосы мен парламенттегі кейбір мәлімдемелер сияқты контенттерге де шектеу қойылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу