Ұлыбританияда амур жолбарысымен суретке түспек болған жігіт қаза тапты

529

Қайғылы оқиға Йоркшир саябағында болған.  

Ұлыбританияда амур жолбарысымен суретке түспек болған жігіт қаза тапты Фото: Видеодан скриншот

Жолбарыстың қоршауына секіріп кірген ер адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz савйты.

Оқиға парктегі "Жолбарыстар елі" атты арнайы аймақта болған.

Мәліметтерге сүйенсек, 20 жастағы жігіт қоршауға кіріп, өзін Амур жолбарысымен бірге суретке түсіріп беруді өзге біреуден сұраған көрінеді. Алайда салмағы шамамен 190 келі болатын Алтай есімді жыртқыш аң оған лезде тап беріп, ауыр жарақат салған.

Жағдайды байқаған саябақ қызметкерлері дереу көмекке ұмтылып, аңды үркіту үшін дыбыс шығаратын арнайы құралмен бірнеше рет дабыл қаққан. Көп ұзамай оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі, әуе жедел жәрдемі бригадасы және дәрігерлер келіп жеткен. Алайда медицина қызметкерлерінің барлық күш-жігеріне қарамастан, зардап шеккен азамат оқиға орнында көз жұмды.

Тәртіп сақшылары қайғылы жайтты растап, тұрғындарды әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеоматериалдар мен расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

"Нақты не болғанын анықтау үшін құқық қорғау органдары мен билік өкілдерімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Жолбарыстың жағдайына қатысты айтар болсақ, жануар ешқандай жарақат алмады және оқиғадан кейін өз қоршауында қалды. Қазіргі уақытта келушілерге төніп тұрған қауіп жоқ", – деді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл төтенше жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу