Ұлыбританияда әуеде ұшақ пен тікұшақ соқтығысып қалып, 4 адам ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға Бакингемшир графтығына қарасты жерде, жергілікті уақыт бойынша 12:00 шамасында Лондоннан 30 шақырым жерде орналасқан Хай-Уиком қаласы маңында болған. Екі ұшу аппараты да апат болған жерге жақын орналасқан Wycombe Air Parkк әуежайына тиесілі болып шықты. Жергілікті полиция әр ұшақта екі адамнан болғанын нақтылады. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу