2022 жылы Ұлыбританияға Ла-Манш бұғазы арқылы 45 мыңнан астам заңсыз иммигрант келді, деп жазады inbusiness.kz.
Бұған дейін Біріккен Корольдіктің ішкі істер министрлігі 2022 жылы заңсыз иммигранттар саны 60 мың адамға жетуі мүмкін деп болжаған болатын.
Bloomberg мәліметінше, британ билігі миграциялық дағдарысты шешуге тырысуда. Осы мақсатта Франциямен арнайы келісімге қол қойған.
Бұған дейін премьер-министр Риши Сунак 2023 жылы Ұлыбританияға заңсыз кірген адамдардың елде қалуына жол бермейтін заңдар қабылдауға уәде берген. Бұл шектеулер студенттерге де қатысты болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу