Ұлыбританияда дауыл елді дүрліктіріп, қауіптің қызыл деңгейіне жетті

Метеорологтар "өте қауіпті жағдай" жайын ескертіп отыр.  

Ұлыбританияда дауыл елді дүрліктіріп, қауіптің қызыл деңгейіне жетті Фото: caliber.az

Бұл туралы inbusiness.kz сайты Sky News-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Эовин" дауылы жұма күні таңғы сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін Солтүстік Ирландияда, Шотландияның кей жерлерінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін соғуы ықтимал. Сондықтан, Торнадо қаупіне байланысты Ұлыбританияның бірқатар өңірінде сирек қызыл дабыл белгісі жарияланған. Метеорологтар мұны "өте қауіпті жағдай" деп танып, ел тұрғындарына ешқайда шықпау туралы қатаң ескерту жасады. 

Жалпы, "қызыл дабыл" деңгейі – метеорологиялық бюроның ең маңызды ескертуі. Яғни, күн райы "пойыздарда, энергиямен қамтамасыз етуде елеулі бұзушылықтар тудыруы мүмкін және мүлік пен инфрақұрылымға ауқымды зиян келтіруі мүмкін" дегеннен хабар береді. 

Жарақат алу мен адам өміріне шамадан тыс қауіп болатындықтан, сары ескертулер де енгізілген. Елде дауылға байланысты мыңдаған мектеп жабылады деп жоспарланды. Сондай-ақ, жүргізушілерге ұзақ жолға шықпау туралы ескерту жасалып, пойыздар қозғалысы да тоқтатылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу