Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид елде AY.4.2. деп аталатын коронавирустың жаңа штамы таралып жатқанын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Ведомство басшысының айтуынша, AY.4.2 штамын "дельтаға" қарағанда қауіптірек деп санауға негіз жоқ. Дегенмен ол Ұлыбритания бұрынғыларынан да қауіптірек штамдарға дайын болу керек екенін атап өтті.
19 қазанда Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі тарала бастағаны белгілі болды. Сарапшылар бұл штамм пандемия басталғаннан бергі ең жұқпалысы болуы мүмкін деп топшылап отыр.
Коронавирустың бұл штамы Ұлыбританияда көптеп таралуда. Оны елдегі барлық науқастың шамамен 10%-ы жұқтырған. Израиль мен АҚШ-та да бұл штамды жұқтырғандар бар.
Табиғат Нұрболат