Ұлыбританияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы басталды

711

Төменгі палатаға 650 депутат сайланады. 

Ұлыбританияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы басталды

Біріккен Корольдікте британиялық парламенттің қауымдар Палатасына мерзімінен бұрын сайлау басталды. Бұл туралы BBC агенттігі жариялады.

553 депутат Англиядан, 59-ы Шотландиядан, 40-ы Уэльстен, ал 18-і Солтүстік Ирландиядан төменгі палатадағы мандатқа ие болады. Қай партияның қауымдар Палатасында өкілдері көп болса, сол партияға үкіметті құру құқығы беріледі. YouGov әлеуметтік компаниясы жариялаған мәлімет бойынша, көпшілік басқарушы Консерваторлар партиясы билікте қалады деген пікірде. 

Сауалнамаға қатысқандардың 42,6% премьер-министр Борис Джонсон жетекшілік ететін консерваторлар партиясын қолдап отыр. Егер де олар іс жүзінде солай дауыс берсе, тори партиясы қауымдар Палатасындағы мандаттардың көпшілігіне қол жеткізеді. 

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу