Ұлыбританияда мыңдаған мұғалім ереуілге шықты

362

Соңғы екі жылда ұстаздар қауымының айлығы 5 процентке өсті.

Ұлыбританияда мыңдаған мұғалім ереуілге шықты Фото: ВВС

Лондондағы наразылық шеруіне мыңдаған мұғалімдер шықты.

Олар жалақыны көтеруді талап етті. Соңғы екі жылда айлық 5%–ға өсті, бірақ номиналды өсім жоғары инфляция орын алған соң, тұрғындарды қажытты.

Күн көру үшін мұғалімдер қосымша табыс іздеуге немесе басқа салаларға кетуге мәжбүр екендерін айтады. Ереуіл ондаған мектептің жұмысын тоқтатты.

Айта кетерлігі, Ұлыбританиядағы оқу жылы шілде айының соңында ғана аяқталады. Жыл басынан бері бұл - мұғалімдердің алтыншы ереуілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу