Ұлыбританияда сайлау өтеді

781

Ұлыбританияда сайлау өтеді

"Жалпыхалықтық сайлау алдын-ала жоспарланғандай 8 маусымда өтеді, терактінің салдарынан тоқтап қалған сайлауалды кампаниялар дүйсенбіден бастап қайта жанданады",- деді премьер-министр Тереза Мэй.

Естеріңізге салсақ, сенбі күні қаруланған террористер Лондон көпірінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған болатын. 48 адам жараланып, 7 адам қаза болған еді.

Мэйдің сөзінше, террористер кедергі жасауға қанша тырысқанымен, демократиялық үрдістер жалғасын таба береді. Сондықтан, ертең сайлау алды кампаниясы толықтай жұмысын жалғастырады дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу