Британдық БАҚ-тың хабарлауынша, наразылық акцияларын әр түрлі саладағы жүздеген мың жұмысшылар ұйымдастырады, деп жазады inbusiness.kz.
Ереуілшілердің негізгі тобын білім беру саласының қызметкерлері құрады: 300 мыңнан астам мұғалім Англия мен Уэльсте көшеге шығып, елдегі дағдарыс жағдайында жалақыны көтеруді талап етеді. Ел тарихындағы ұстаздардың ең ірі бас көтеруіне британдық 150 университеттің 70 мың қызметкері қосылады.
Сонымен қатар, сәрсенбіде кем дегенде 100 мың мемлекеттік қызметші наразылық акцияларына қатысады. Ереуілді 123 ұйымның қызметкерлері, соның ішінде көптеген министрліктер, үкіметтік ведомстволар, агенттіктер мен басқармалар ұйымдастырады.
Одан бөлек шеруді көлік секторының ондаған мың қызметкерлері, атап айтқанда ASLEF кәсіподақ машинистері және 14 теміржол компанияларының RMT кәсіподақ мүшелері өткізеді. Лондондағы 1,9 мыңға жуық автобус жүргізушілеріне көлік жүргізушілері де қолдау көрсетеді.
Ұлыбританияда бүкілхалықтық наразылықтың өршуіне инфляцияның рекордық мәні әсер етті. Украинадағы жағдайдан кейін Батыс Ресейге санкциялық қысымды күшейтті. Салдарынан логистикалық тізбектер бұзылып, Еуропа мен АҚШ-та жанармай мен азық-түлік бағасы өсті.