Ұлыбританияда соңғы онжылдықта ең күшті тұмау маусымы тіркелді

613

Ұлыбритания соңғы онжылдықтағы ең ауыр тұмау маусымын бастан өткеруде. 

Ұлыбританияда соңғы онжылдықта ең күшті тұмау маусымы тіркелді Фото: inform.kz

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Стив Барклай мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

"Тұмаумен келген биылғы қыс бізге ауыр тиді. Соңғы 10 жылдағы ең ауыр тұмау маусымына тап болдық. Өткен жылы осы уақытта тұмаумен ауруханаға түскен адамдардың саны 50 адамды құраса, биыл 5100-ден астам адам тіркелді. Тұмау ерте әрі тез пайда болды, қарашадан желтоқсанға дейін жеті есе өсті", - деп атап өтті Стив Барклай Британ парламентінде сөйлеген сөзінде.

Ол тұмау эпидемиясы коронавирус пен басқа инфекциялардың, мысалы, А тобындағы скарлатина мен стрептококтың таралуы аясында күшейгенін айтты.

"Аталмыш тұмау мәселесі ковидтің орнына келді. Коронавирусты жұқтырған 9 мыңнан астам адам ауруханаларда жатыр, ал А тобындағы скарлатина белсенділігінің ерекше деңгейі мее стрептококтың өсуі шұғыл көмекке қосымша ауыртпалық түсірді", - деп атап өтті Британдық Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Жағдайды желтоқсаннан бері жалғасып келе жатқан жалақыны көтеріп, еңбек жағдайларын жақсартуды талап ететін медицина қызметкерлерінің ереуілдері қиындатып жатыр. Дүйсенбіде Стив Барклайдың медициналық кәсіподақ өкілдерімен кезекті келіссөздері сәтсіз аяқталды.

Енді Англия мен Уэльстің жедел жәрдем қызметкерлері 11 мен 23 қаңтарда, Солтүстік Ирландиядағы әріптестері 26 қаңтарда ереуілге шығады. Өз кезегінде Англиядағы медбикелер мен санитарлар 18 және 19 қаңтарда шеруге шығады. Жақын арада ереуіл күндерін шотланд дәрігерлері де белгілейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу