Ұлыбританияда тәртіпсіздіктер кезінде тағы 150 адам ұсталды

204

Тәртіпсіздіктер бес күн бойы жалғасып жатыр.  

Ұлыбританияда тәртіпсіздіктер кезінде тағы 150 адам ұсталды Фото: Hollie Adams/REUTERS

Ұлыбританияда басталған тәртіпсіздіктер кезінде 3 тамыздан бастап осы уақытқа дейін 150-ден астам адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Ротеремде наразылыққа шыққандар пана іздеушілер орналасқан қонақүйдің терезелерін сындырды. Осыған ұқсас шабуыл Бирмингем маңындағы Тамуэртте де болды.

Мидлсбродағы наразылықтарға жүздеген адам қатысты, олардың кейбірі полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Алдершотта пана іздеушілерге қарсы бірнеше ондаған адам қатысқан бейбіт демонстрация өтті.

Бір күн бұрын Халл, Ливерпуль, Бристоль, Манчестер, Сток-он-Трент, Блэкпул, Белфаст сияқты аймақтарда үлкен тәртіпсіздіктер тіркелді. 

Айта кету керек, осыған дейін Ұлыбританияда наразылыққа шыққандар қонақ үйге шабуыл жасағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу