Ұлыбританияда теміржолшылар ереуілге шықты

760

Теміржол қатынасы қиындады.

Ұлыбританияда теміржолшылар ереуілге шықты

Ұлыбританияда теміржолшылар ереуілге шықты, деп жазады inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

Бейсенбіде пойыздардың тек 20%-ы ғана қатынап жатыр. Пойыздар жергілікті уақыт бойынша сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін ғана жүреді. Ал қалған уақытта бұл теміржол желілері жабық.

Бұл жағдай сенбіде қайталанады деп күтілуде. Ақпаратта көрсетілгендей, теміржолшылар бағаның жалпы өсуі жағдайында жалақыға, жұмыс орындарының қысқаруына және еңбек жағдайына байланысты наразылықтарын жалғастырады делінген.

Бұдан бөлек британиялық БАҚ жұма күні Лондон метрополитенінің қызметкерлері және автобус жүргізушілері де ереуілге шығады деп жазған.

Ұлыбританияның Көлік министрлігі көлік қызметкерлерінің кәсіподақтары үкіметпен келісімге келудің орнына, "миллиондаған адамның қалыпты тіршілік әрекетін бұзуға шешім қабылдағанын" мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу