Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ға дейін өсті

381

ONS есебіне сәйкес, британдықтардың сыйлықақыларды есептемегендегі кірісі 7,8%-ға өскен.

Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ға дейін өсті Фото: minfin.com.ua

Осы жылдың шілде айында Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ға дейін өсті, деп жазады Inbusiness.kz.

Ұлттық статистика басқармасының (Office for National Statistics, ONS) мәліметтері бойынша, маусым айында 4,2%-ды құраған елдегі жұмыссыздық деңгейі шілдеде 4,3%-ға дейін өсті.

ONS есебіне сәйкес, британдықтардың сыйлықақыларды есептемегендегі шілдедегі кірісі 7,8%-ға өскен. ONS мәлімдемесінде шілдедегі кірістердің өсу қарқыны 2001 жылдан бері жыл сайынғы ең жоғары көрсеткішке айналғаны атап өтілді.

Алынған мәліметтерді бағалай отырып, қаржы министрі Джереми Хант: "біз нақты кірістердің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін инфляцияны екі есе азайту жоспарын ұстануымыз керек" деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу