Ұлыбританиядағы қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр

921

Қайтыс болған 39 адамға қатысты тергеу амалдары басталды.

Ұлыбританиядағы қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр

Англияның Эссекс графтығында жүк көлігі контейнерінің ішінен табылған 39 мәйіттің ісіне қатысты тергеу амалдары басталды. Марқұмдардың 38-і ересек, біреуі – жасөспірім. 

BBC агентігінің дерегіне сүйенсек, контейнер тоңазытқыш ретінде жабдықталған, оның ішіндегі температура шамамен -25 °С жетеді екен. 

Жүк көлігі паром арқылы Бельгияның Зебрюгге қаласынан Ұлыбританияның Пурфлит портына келген. Оның тізгінінде болған солтүстікирландиялық 25 жасар жүргізуші қазір қамауда. Оған 39 адамды өлтірді деген айып тағылып отыр. 

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, тергеу ұзаққа созылуы мүмкін. Қазір олар жергілікті және халықаралық билік өкілдерімен бірлесе қаза тапқандар туралы ақпарат жинау үшін қолдан келгенді жасауда. 

Бельгияның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Scania жүк көлігі Варнадағы ирландиялық азаматқа тиесілі компанияда тіркелген болып шықты. Бірақ мамандар опат болғандардың Болгария азаматтары болуы "екіталай" деп мәлімдеді.

Болгария премьер-министрі Бойко Борисовтың айтуынша, Болгарияның бұл жүк көлігіне ешқандай қатысы жоқ. Оның үстіне көлік ел аумағына 2017 жылдан бері кірмеген деп мәлімдеме жасады.

Ал Ұлыбритания премьері Борис Джонсон қылмыскерлер ұсталып, тиісті жазаларын алатынын жеткізді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу