Минивэн соққысынан тағы үш адам жарақат алды, бір адам ұсталды, деп жазады Inbusiness.kz.
Ноттингем қаласының орталығындағы үш түрлі ауданда үш адамның денесі табылды, тағы үшеуі сейсенбі күні таңертең минивэн соққысынан жарақат алды. Полиция осы үш жағдайдың бір-бірімен байланысы барын алға тартады.
Кісі өлтірді деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды. Қаланың бір бөлігі жабылып, тергеу жүріп жатыр.
"Полиция Илкестон-роуд жолына таңғы сағат 4-те шақырылды, онда көшеде екі адамның өлі денесі табылды. Осыдан кейін Милтон көшесіндегі тағы бір оқиғаға бойынша хабар түсті, онда фургон жүргізушісі үш адамды қағып өтуге тырысқан. Олар ауруханаға жатқызылды. Магдала жолында тағы бір адамның өлі күйінде жатқаны белгілі болды. Полиция 31 жастағы ер адамды кісі өлтірді деген күдікпен ұстады, ол қамауда", — делінген Ноттингтемшир округінің полиция бөлімі таратқан хабарламада.