Ұлыбританиялық компания Ақтау инфрақұрылымына инвестиция салуға дайын

764

Ұлыбританиялық компания Ақтау инфрақұрылымына инвестиция салуға дайын

Маңғыстау облысы әкімдігі мен "Global Project Capital Ltd" арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа аймақ басшысы Ералы Тоғжанов және компанияның бас директоры Кеннет Фултон қол қойды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Меморандум Ақтау қаласындағы инфрақұрылым және көлік нысандарының, жол құрылысы саласындағы жобалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуындағы ынтымақтастықты көздейді.

Жергілікті атқарушы орган инженерлік инфрақұрылымды – газ, су, электр желілерін, жол және жылу жүйесін жүргізіп беру жұмысын міндетіне ала отырып, 800 га жер учаскесін жалға береді.

"Global Project Capital Ltd" компаниясы қаржы бөліп, облыстың әлеуметтік дамуына үлес қосатын болды. Болашақта біздің ынтымақтастығымыз жақсы нәтиже беретініне сенімдімін. Бүгінгі таңда біз туристік шағын ауданның құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруды бастап кеттік. Жоспар бойынша жаңа шағын ауданның аумағында медициналық мекеменің, мектептің, ойын-сауық нысандары мен сауда орталықтарының құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындары ашылады. Біз инфрақұрылымды жүргізуге қатысты барлық жұмысты орындаймыз", – дейді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Алғашқы кезеңге 500 млн АҚШ доллары бөлінеді. Өзара ынтымақтастықтың тиімді болуы үшін және жобаларды сапалы іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құрылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу